User Guide - Windows 7
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына
қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дыбыс деңгейін амалдық жүйе және кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
Құлақаспаптарды қосу
Сымды құлақаспаптарды компьютеріңіздің құлақаспаптарға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нәтиже
алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Құлақаспаптарды және микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды және гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс
(микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл
нұсқаулыққа өту үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппараттық құрал
және дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Программные
события (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты кез келген дыбыс
оқиғасын таңдап, Проверить (Сынау) түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
Аудио 37