User Guide - Windows 7

2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплейге жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер
тіркесімін басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижелер үшін «Кеңейтілген» мүмкіндігі пайдаланылған кезде, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын реттеу мақсатымен келесі әрекеттерді орындаңыз: Пуск
(Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру
және даралау) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей санатынан Регулировать разрешение экрана
(Экран ажыратымдылығын реттеу) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқышты босату түймешігін
басыңыз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді
табу және оларға қосылу
MultiStream Transport (MST) компьютерге бірнеше сымды дисплейді жалғау мүмкіндігін береді.
Компьютерде орнатылған графикалық контроллер түріне немесе компьютерде орнатылған хабтың
болуына қарай, байланысты бірнеше жолмен орнатуға болады. Компьютерге орнатылған аппараттық
құралдарды көру Құрылғы Менеджері бөлімін қараңыз.
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) пәрменін, Система (Жүйе) пәрменін таңдаңыз,
одан кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын
нұқыңыз.
Бейне 41