User Guide - Windows 7

Дисплейлерді компьютерлерге AMD графикалық картасы (қосымша хабы бар) арқылы
қосу
ЕСКЕРТПЕ: AMD графикалық контроллері арқылы 3 сыртқы дисплей құрылғысын қосуға болады.
Бірнеше дисплейді орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі
DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA порттарына немесе DisplayPorts жалғаңыз.
3. Бірнеше дисплейді орнату туралы толық ақпарат алу үшін fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз.
ҚОСылған дисплейлердің бірін көрмесеңіз, әр құрылғының концентратордағы тиісті портқа
қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі компьютер экраны
айнасын беретін Қайталанатын немесе компьютер экранын барлық қосылған дисплейлерге
жаятын Кеңейту мәндерін қамтиды.
Дисплейлерді Intel graphics (қосымша хабты) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: Intel сызбалық реттегішімен 3 дейін сыртқы дисплей құрылғысын қосуға болады.
Бірнеше дисплейді орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі
DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз
жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз.
3. Windows монитордың DP желі торабына қосылғанын анықтағанда, DisplayPort Topology
Хабарландыру тілқатысу терезесі көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті
опцияларын басыңыз. Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі экран
кескінін кеңейтетін Duplicate (Қайталау) немесе компьютер экранын барлық қосылған
дисплейлерге жаятын Extend (Кеңейту) мәндерін қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы құрылғының хабтағы дұрыс портқа
жалғанғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін fn + f4 пернесін басыңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Intel графикасы (орнатылған хабты) бар компьютерлерде дисплейді қосу
Ішкі хаб және Intel графикалық басқарушы арқылы 3 дисплей құрылғыларын келесі
конгфигурациялармен қосуға болады:
Екі 1920 x 1200 DP мониторлары + бір 1920 x 1200 VGA мониторы, қосымша қондыру станциясына
қосылған
Бір 2560 x 1600 DP мониторы + бір 1920 x 1200 VGA мониторы, қосымша қондыру станциясына
жалғанған
Бірнеше дисплейді орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
42 5-тарау Мультимедиа