User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе
компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек таңдаулы
үлгілерде)
Таңдаулы үлгілерде әдепкі параметрлер бойынша RST (Intel Rapid Start Technology - Жылдам іске қосу
технологиясы) мүмкіндігі қосылған. RST мүмкіндігі әрекетсіз тұрған компьютерді бірден іске қосуға
мүмкіндік береді.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады:
Ұйқылық күй: RST мүмкіндігі ұйқылық күйді таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқылық күйден шығу
үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат түймешігін тез
басып қалыңыз.
Күту күйі: RST мүмкіндігі күту күйін ұйқылық күйдегі компьютерде не батарея қуатымен, не
сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса батареяның заряды тым төмен
деңгейге жеткенде қосады. Күту күйінен шығып, жұмысты жалғастыру үшін, қуат түймешігін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) ішінде өшіруге болады. Күту күйін қосқыңыз келсе,
қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін таңдауыңыз тиіс. Күйін
қосу және одан шығу (45-бет) бөлімін қараңыз.
Ұйқылық күйді қосу және одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түрту немесе саусақты жылжыту.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың
тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, компьютерде жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күйін қосу және одан шығу
Жүйе зауытта не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса
батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде күту күйіне қосылатын етіп орнатылған.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады.
Күту күйін қосу үшін
Қуат параметрлерін орнату 45