User Guide - Windows 7
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Компьютер айнымалы ток қуатына қосылған болса да,
батареяны компьютерде сақтау батареяны зарядтайды және де қуат берілмей қалған жағдайда
жұмысты қорғайды. Компьютерде зарядталған батарея болса және сыртқы айнымалы ток қуаты іске
қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының
берілуі тоқтатылғанда, компьютер батарея қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Тек таңдаулы компьютер
модельдерінде графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында
ауыстырылады. Қосымша ақпаратты Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы
үлгілер) (53-бет) бөлімінен қараңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Анықтама және қолдау орталығында мына құралдар және батарея туралы ақпарат бар:
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару және дұрыс күтім
мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
▲
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Обучение (Үйрену) > Часто
задаваемые вопросы в схемах управления питанием (Қуат жоспарлары: жиі қойылатын
сұрақтар) тармақтарын таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
Анықтама және қолдау орталығында компьютерде орнатылған батарея күйі туралы ақпарат беріледі.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат
көзіне жалғануы тиіс.
2. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Устранение неполадок
(Ақаулықтарды жою) > Неполадки питания, температурные и механические неполадки (Қуат,
жылу және механикалық ақаулықтар) тармағын таңдаңыз.
3. Питание (Қуат) қойыншасын ашып, одан кейін Проверка батареи (Батареяны тексеру) тармағын
таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның және оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді және
тексерудің нәтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲
Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін орнату 47