User Guide - Windows 7
Батареяны салу және шығарып алу
Батареяны салу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта
қою (62-бет) бөлімін қараңыз).
3. Батареяны (1) батарея ұясынса салып, батареяны (2) орнына түскенше басыңыз.
Кейбір үлгілерде батареяны босату ілмегі (3) батареяны орнына автоматты түрде бекітеді.
Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың
жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас
бұрын, жұмысыңызды сақтап, компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта
қою (62-бет) бөлімін қараңыз).
3. Батареяны босату үшін батареяны босату ысырмаларын (1) жылжытып, батареяны (2) көтеріп
алыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 49