User Guide - Windows 7
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
●
Компьютер қосылмайды.
●
Дисплей қосылмайды.
●
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты
қолданылады.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
●
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
●
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді және оны ауыстыру
қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау қызметімен
байланысыңыз.
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер)
Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық режимдермен
жабдықталған.
●
Ауыспалы графикалық режимдер — AMD™ және Intel арқылы қолданылады. Егер
компьютеріңізде AMD динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек
ауыспалы графикалық режимдер ғана қолданылады.
●
Қосарлы графикалық режимдер — тек AMD арқылы қолданылады. Егер компьютеріңізде AMD
Radeon қосарлы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек қосарлы графикалық
режимдер ғана қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосарлы графикалық режимдер DirectX 10-шы немесе 11-ші нұсқасы қолданылатын
толық экранды құрылғыларда ғана іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық режимдердің
қайсысын қолданатындығын анықтау үшін, ноутбугіңіздің графикалық процессорының
конфигурациясын қараңыз. Intel HR орталық процессорлары және AMD Trinity сериялы өнімділігі
жылдамдатылған процессорлары ауыспалы графикалық режимдерді қолдайды. AMD Trinity сериялы
A6, A8 және A10 өнімділігі жылдамдатылған процессорлары қосарлы графикалық режимдерді
қолдайды. AMD Trinity сериялы A4 өнімділігі жылдамдатылған процессорлары қосарлы графикалық
режимдерге қолдау көрсетпейді.
Ауыспалы графикалық режимдер мен қосарлы графикалық режимдердің екеуі де графиканы
өңдейтін екі режимді ұсынады:
●
Жұмыс режимі — бұл режимде бағдарламалар оңтайлы өнімділікпен жұмыс атқарады.
●
Қуат үнемдеу режимі — бұл режим батареяның қызмет ету мерзімін сақтайды.
Қуат параметрлерін орнату 53