User Guide - Windows 7
AMD графикалық режимдер параметрлерін басқару үшін
1. Windows жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, Catalyst басқару орталығын
ашыңыз және Настроить переключаемые графические режимы (Ауыспалы графикалық
режимдердің параметрлерін реттеу) пәрменін таңдаңыз.
2. Электропитание (Қуат) қойыншасын нұқып, Переключаемые графические режимы (Ауыспалы
графикалық режимдер) пәрменін таңдаңыз.
Ауыспалы графикалық режимдерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Ауыспалы графикалық режимдер жұмыс режимі мен қуат үнемдеу режимі арасында ауысуға мүмкіндік
береді.
Ауыспалы графикалық режимдер параметрлерін басқару үшін
1. Windows жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Настроить переключаемые
графические режимы (Ауыспалы графикалық режимдер параметрлерін реттеу) пәрменін
таңдаңыз.
2. Электропитание (Қуат) қойыншасын нұқып, Переключаемые графические режимы (Ауыспалы
графикалық режимдер) пәрменін таңдаңыз.
Ауыспалы графикалық режимдер қуат талаптарына сәйкес жұмыс режимін немесе қуат үнемдеу
режимін жеке бағдарламаларға автоматты түрде тағайындайды. Сонымен қатар, жеке бағдарлама
үшін параметрлерді қолмен өзгертуге бағдарламаны Недавно открытые приложения (Жақын арада
ашылған бағдарламалар) ашылмалы мәзірінен табыңыз немесе Другие приложения (Басқа
бағдарламалар) ашылмалы мәзірінің астында орналасқан Просмотр (Шолу) пәрменін таңдаңыз.
Жұмыс режимін немесе қуат үнемдеу режимін ауыстыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін, ауыспалы графикалық режимдер бағдарламалық
құралының анықтамасын қараңыз.
Қосарлы графикалық режимдерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Егер амалдық жүйеңізде қосарлы графикалық режимдер (екі немесе одан да көп графикалық
процессор қосылған кезде) болса, DirectX 10 немесе 11-нұсқасын пайдаланатын толық экрандық
құрылғылар үшін бағдарлама қуаты мен өнімділігін арттыру мақсатында AMD Radeon қосарлы
графикалық режимдерін іске қосуға болады. DirectX туралы толық ақпаратты алу үшін,
http://www.microsoft.com/directx мекенжайы бойынша веб-торапқа өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосарлы графикалық жүйелерде режимдер қуат талаптарына сәйкес (динамикалық
жоспар) автоматты түрде ғана таңдалады және жұмыс режимі немесе қуат үнемдеу режимі жеке
бағдарламаларға автоматты түрде тағайындалады. Алайда, параметрлерді белгілі бір бағдарлама
үшін қолмен өзгертуге болады.
AMD Radeon қосарлы графикалық режимдерін қосу немесе өшіру үшін, Catalyst басқару орталығының
Производительность (Өнімділік) қойыншасындағы AMD Radeon Dual Graphics бөлімінде құсбелгі
қойыңыз немесе алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін, AMD бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
54 6-тарау Қуатты басқару