User Guide - Windows 7
4. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсету үшін ашатын есікті босату ысырмасын оңға қарай
сырғытыңыз (3) және таңдасаңыз, қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына бекіту үшін,
қосымша бұранданы салып, қатайтыңыз (4). Қызмет көрсету үшін ашатын есікті құлыптау үшін,
босату ысырмасын оңға қарай ысырыңыз (5).
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны қызмет көрсетуге арналған
есіктің астында сақтай аласыз.
5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу және шығарып алу (49-бет) қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мәліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы
тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
64 8-тарау Дискілер