User Guide - Windows 7

BIOS әкімші құпия сөзін енгізу
BIOS administrator password (BIOS әкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия сөзді
орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзі
енгізу әрекеті 3 рет қатар сәтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру керек.
Computer Setup DriveLock құпия сөзін басқару
ЕСКЕРТУ: DriveLock құралымен қорғалған қатты диск қолданысқа жарамай қалмау үшін, DriveLock
пайдаланушы құпия сөзін және DriveLock басты құпия сөзін компьютерден қашық қауіпсіз жерге
жазып қойыңыз. DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытсаңыз, қатты диск құлыпталып,
қолданысқа жарамай қалады.
DriveLock қорғанысы қатты диск мазмұндарын рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қызметін тек
компьютердің ішкі қатты дискісіне (дискілеріне) қолдануға болады. DriveLock қорғанысы дискіге
қолданылса, дискіні ашу үшін, құпия сөзді енгізу керек. DriveLock құпия сөздерімен кіру үшін, диск
компьютерге немесе қосымша порт ұзартқышына салыну керек.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS әкімшісінің құпия сөзін орнату
қажет.
DriveLock қорғанысын ішкі қатты дискіге қолдану үшін, пайдаланушы және басты құпия сөздері
Computer Setup қызметінде орнатылу керек. DriveLock қорғанысын қолдану туралы келесі түсініктерге
назар аударыңыз:
DriveLock қорғанысы қатты дискіге қолданылған соң, қатты дискіге тек пайдаланушы құпия сөзін
немесе басты құпия сөзді енгізу арқылы кіруге болады.
Пайдаланушы құпия сөзінің иегері қорғалған қатты дискінің ағымдағы пайдаланушысы болу
керек. Басты құпия сөздің иегері жүйе әкімшісі немесе ағымдағы пайдаланушы болуы мүмкін.
Пайдаланушы құпия сөзі мен басты құпия сөз бірдей болуы мүмкін.
Пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзді тек DriveLock қорғанысын дискіден алу
арқылы жоюға болады. DriveLock қорғанысын дискіден тек басты құпия сөз арқылы алуға
болады.
72 9-тарау Қауіпсіздік