User Guide - Windows 7
DriveLock құпия сөзін орнату
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу
үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive
Tools (Қатты диск құралдары) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter түймесін
басыңыз.
4. Set DriveLock Password (global) (DriveLock құпия сөзін орнату (жаһандық)) пәрменін таңдаңыз.
5. BIOS әкімшісінің құпия сөзіне кіріп, enter пернесін басыңыз.
6. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен қорғалатын қатты дискіні
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
7. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИӘ) жауабын таңдаңыз.
8. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
9. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
10. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін теріп, enter пернесін басыңыз.
11. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
12. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында DriveLock деп
теріп
, enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін растағанда, әріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек.
13. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және
шығу) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Құпия сөздерді пайдалану 73