User Guide - Windows 7
DriveLock құпия сөзін өзгерту
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу
үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive
Tools (Қатты диск құралдары) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter түймесін
басыңыз.
4. BIOS әкімшісінің құпия сөзіне кіріп, enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Set DriveLock Password (DriveLock
құпия сөзін орнату) тармағын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискті таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
7. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Change Password (Құпиясөзді өзгерту)
пәрменін таңдаңыз.
8. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
9. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
10. Нұсқау берілгенде, ағымдағы құпия сөзді растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
11. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және
шығу) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Құпия сөздерді пайдалану 75