User Guide - Windows 7

Планшет параметрлерін өзгерту
Көрініс пен экран жарықтығын өзгерте аласыз.
Планшет көрінісін өзгерту
Планшет бағдары немесе көрінісі альбомдық бағдардан портреттік бағдарға немесе портреттік
бағдардан альбомдық бағдарға автоматты түрде өзгереді.
1. Планшет көрінісін альбомдық бағдардан портреттік бағдарға өзгерту үшін:
Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа оң жаққа
(сағат тілімен бағыттас) бұрыңыз.
2. Планшет көрінісін портреттік бағдардан альбомдық бағдарға өзгерту үшін:
Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа сол жаққа (сағат тіліне қарсы бағытпен) бұрыңыз.
Планшеттің автоматты бұру құлпын реттеу
Планшет қондырылмаған кезде планшеттің автоматты бұру құлпын түймесін реттеу:
Планшет қосылып тұрғанда дисплейдің айналдыру функциясын бекіту үшін, авто-
айналдыру түймесін басыңыз. Авто-айналдыру құлпын ашу үшін, түймені қайта басыңыз.
немесе
Start (Бастау) > Settings (Параметрлер) тармағ
ына өтіңіз.
Планшеттің экран жарықтығын реттеу
Экран жарықтығын реттеу үшін:
Start (Бастау) > Control Panel (Басқару тақтасы) Power Options (Қуат опциялары) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жұмыс үстелінде, сондай-ақ, тапсырмалар тақтасының оң жақ,
хабарландыру аймағындағы Power Meter (Қуатты өлшеу құралы), Adjust screen brightness (Экран
ашықтығын реттеу) белгішесін таңдаңыз жəне экранның түбіндегі Screen brightness (Экран
ашықтығы) жанындағы сырғытпаны жылжытуға
болады.
Планшет параметрлерін өзгерту
15