User Guide - Windows 7
●
Таңдалған нысан үшін мəзір пəрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта
аймағына екі саусақты қойып басыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
●
Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90
градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90
градус
жүргізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға
арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істей бермеуі мүмкін.
Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде)
Сызу экрандарда жылжытуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді.
●
Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол
немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
27










