User Guide - Windows 7
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+f3
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ
: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f4
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
компьютерге монитор қосылған болса, fn+f4 пернесін қайта-қайта басу экрандық суретті
компьютер жəне монитордың екеуінде де бірдей көрсетілу үшін компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырады.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі
компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn+f5
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7
Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8
Микрофонды үнсіздендіреді.
fn+f9
Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10
Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f11
Таңдаулы үлгілерде пернетақта артқы жарықтандыруын қосады жəне өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін
арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
fn+f12
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды. Сымсыз қосылысты орнату үшін
сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде енгізілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы
сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға
болады.
30
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау










