User Guide - Windows 7
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына қосыңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплейге жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4
пернелер тіркесімін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақ
ытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, кө
рсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нəтижелер үшін «Кеңейтілген» мүмкіндігі пайдаланылған кезде,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеу мақсатымен келесі əрекеттерді
орындаңыз: Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и
персонализация (Безендіру жəне даралау) тармақтарын таңда
ңыз. Дисплей санатынан
Регулировать разрешение экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқышты босату
түймешігін басыңыз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып сымды дисплейлерге
қосылу
MultiStream Transport (MST) компьютерде бір қосқыштан бірнеше дисплей қолдауын,
DisplayPort (DP) береді.
ЕСКЕРТПЕ: Intel сызбалық реттегішімен 3 дейін сыртқы дисплей құрылғысын қосуға болады.
Бірнеше дисплейді орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Бейне
37










