User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Қатты
дискінің өлшеміне жəне бөлініп қалған файлдар санына байланысты, дискіні
дефрагментациялау құралының аяқталуы үшін бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны
түнде немесе компьютерді ашу қажет болмайтын
кездегі басқа уақытта іске қосылатын етіп
орнатуыңызға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске
қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Start (Бастау) > All Programs (Барлық бағдарламалар) > Accessories (Керек-жарақтар) >
System Tools (Жүйелік құралдар) > Disk Defragmenter (Дискіні дефрагментациялау)
тармақтарын таңдаңыз.
3. Defragment disk (Диск дефрагментациясы) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы
есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату,
утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды
орындау үшін сізден рұқсат немесе құпиясөз сұралуы мүмкін. Анықтама жəне қ
олдау
бөлімін қараңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін, Start (Бастау) > Help and
Support (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні
тазалау құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Start (Бастау) > All Programs (Барлық бағдарламалар) > Accessories (Қосалқы құралдар) >
System Tools (Қызметтік ба
ғдарламалар) > Disk Cleanup (Диск тазалау) тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
53