User Guide - Windows 7
HP Client Security Manager пайдалану
HP Client Security Manager бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын ала
орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға болады.
Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз
кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының
анықтамасынан қараңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құралын пайдалану үшін, саусақ ізін HP Client Security бағдарламасының Credential Manager
құралында тіркеу қажет. HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау к
өрсетілетін веб-
тораптарда жəне бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау жəне жазу
үшін, HP Client Security бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы планшеттің астында орналасқан кішкентай темір сенсор болып
табылады.
HP Client Security Manager пайдалану
65










