User Guide - Windows 7
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау жəне шығу) пəрмендерін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
ЕСКЕРТПЕ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз жəне қауіпсіздік
параметрлері өзгермейді.
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында
SoftPaq
деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат
беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау
Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі
нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек.
BIOS нұсқасының ақпаратын (
ROM date
(ROM күні) жəне
System BIOS
) (BIOS жүйесі) деп те
аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup
утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup қызметін қосыңыз.
2. Main (Негізгі) > System Information (Жүйе туралы ақпарат) таңдау үшін меңзегіш
құрылғының немесе кө
рсеткі пернелерді пайдаланыңыз жəне BIOS нұсқасы туралы
жазбаны жасаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің кө
мегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді
елемей шығу) пəрмендерін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе
қосымша қорек кө
зіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық
күйді қоспаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе
ажыратпаңыз.
Computer Setup пайдалану
77










