User Guide - Windows 8.1
Планшет параметрлерін өзгерту
Көрініс пен экран жарықтығын өзгерте аласыз.
Планшет көрінісін өзгерту
Планшет бағдары немесе көрінісі альбомдық бағдардан портреттік бағдарға немесе портреттік
бағдардан альбомдық бағдарға автоматты түрде өзгереді.
1. Планшет көрінісін альбомдық бағдардан портреттік бағдарға өзгерту үшін:
Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа оң жаққа
(сағат тілімен бағыттас) бұрыңыз.
2. Планшет көрінісін портреттік бағдардан альбомдық бағдарға өзгерту үшін:
Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа сол жаққа (сағат тіліне қарсы бағытпен) бұрыңыз.
Планшеттің автоматты бұру құлпын реттеу
Планшет қондырылмаған кезде планшеттің автоматты бұру құлпын реттеу үшін
▲
Планшет қосылып тұрғанда дисплейдің айналдыру функциясын бекіту үшін, авто-
айналдыру түймесін басыңыз. Авто-айналдыру құлпын ашу үшін, түймені қайта басыңыз.
– немесе –
1. Шебер түймелерді көрсету мақ
сатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның оң
жақ жиегінен жылжытыңыз да, Параметры (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Экранның төменгі оң жағында орналасқан Экран белгішесін түртіңіз. Планшеттің ағымдағы
экранын орнында құлыптау жəне оның бұруын болдырмау
үшін Блокировка автоповорота
(Автоматты бұру құлпы) белгішесін түртіңіз. Автоматты бұру құлпы қосулы кезде құлып
белгішесі көрсетіледі. Автоматты бұру құлпын ажырату үшін, Блокировка автоповорота
(Автоматты бұру құлпы) белгішесін қайта түртіңіз.
Планшеттің экран жарықтығын реттеу
Экран жарықтығын реттеу үшін:
1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның немесе экранның оң
жақ жиегінен жылжытыңыз да, Параметры (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Экранның төменгі оң жағында орналасқан Экран белгішесін түртіңіз.
Экран жарықтығын
басқаратын тік сырғытпа көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар, Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Счетчик питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін
түртіп, Регулировать яркость экрана (Экран жарықтығын реттеу) пəрменін таңдаңыз жəне
экранның төменгі жағындағы Яркость
экрана (Экран жарықтығы) параметрінің жанындағы
сырғытпаны жылжытыңыз.
16
2-тарау Компьютермен танысу










