User Guide - Windows 8.1
Мобильді желілер оператор қызметімен бірге қолдану кезінде НР Мобильді кең жолақты модулі
саяхат жасау барысында немесе Wi-Fi таратқыштарының қамту аясының сыртында болу кезінде
Интернетке қосылу, электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу немесе корпоративтік
желіге қосылу мүмкіндігін береді.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді:
●
GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына
байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access)
технологиясы.
●
CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты
желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
●
LTE (ұзақ мерзімді эволюция) байланысы LTE технологиясын қолдайтын желілермен
жалғайды.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең
жолақты желі
модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмір пернетақта
қондырмасының астындағы не планшет жиегіндегі белгіде басылады.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында
жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат
қамтылады. Кейбір
компьютерлердің батарея ұясында SIM алдын ала орнатылады. Егер SIM
картасы алдын ала орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең
жолақты байланысы ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны
компьютерден бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын салу жəне шығару туралы ақпаратты алу ү
шін, осы тараудың SIM картасын салу
жəне шығару (21-бет) бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу əдісі туралы мəліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең
жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз.
SIM картасын салу жəне шығару
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде
қатты күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді Жұмысты аяқтау пəрмені арқылы өшіріңіз.
2. Кейбір үлгілерде дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыраты
ңыз.
Сымсыз желіге қосылу
21










