User Guide - Windows 8.1

Графикалық қаламды пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Қаламның қолдануына арналған бағдарламаларда, барлық Microsoft® Office бағдарламаларында
жəне Windows жүйесінің көптеген басқа бағдарламалары мен утилиталарында қаламның
көмегімен жазуға болады. Қаламмен экранға жазылған ақпаратты қалтаға салуға, іздеуге жəне
бағдарламалар арасында ортақтасуға
болады.
Қаламның құрамдас бөліктерін анықтау
Ұшы (1) экранға тигенде, қалам компьютермен əрекеттеседі. (2) қалам түймесі сыртқы
тінтуірдің оң жақ түймешігінің функцияларын орындайды.
Қаламды ұстау əдісі
Қаламды қалыпты қалам немесе қарындашпен жазғандай ұстаңыз.
Қаламды сақтау
Қолданбағанда қаламды сақтау үшін алдымен ұшын салып, қаламды компьютердегі
ұстағышына кіргізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Қаламды қалам ұстағышқа енгізген кезде қаламның шетін қалам ұстағышқа дұрыс
қиыстыру керек.
Экрандағы пернетақтаны пайдалану
Сізге мəліметтерді деректер жолағына енгізуге қажет болу мүмкін. Бұл сымсыз желі
конфигурациясын орнату кезінде, ауа райы туралы мəліметтер алу орнын орнатқанда немесе
Интернет тораптарында пайдаланушы есептік жазбаларына кіру кезінде талап етіледі.
Компьютерде экрандық пернетақта бар. Ол мұндай ақпаратты енгізу қажет болғ
ан кезде
көрсетіледі.
38
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау