User Guide - Windows 8.1

1. Пернетақтаны көрсету үшін, бірінші деректер жолағын түртіңіз. Көрсетілген кіші
пернетақта белгішесін түртіңіз.
немесе
Хабарландыру аймағының оң жағында орналасқан пернетақта белгішесін түртіңіз.
2. Экрандағы пернетақтаны ұлғайту үшін төменгі оң
жақ бұрышты түртіп, оны қалаулы
өлшемге сүйреңіз.
3. Деректер жолағында атын немесе сөзді тергенше қажет таңбаларды түртуді
жалғастырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пернелер тіркесімдері экрандық пернетақтада көрсетілмейді жəне жұмыс
істемейді.
ЕСКЕРТПЕ: Экрандық пернетақтаның үстінгі жағында сөздер мысалдары ұсынылуы
мүмкін. Егер қажет сөз көрсетілсе, оны таңдау үшін түртіңіз.
4. Пернетақтадағы enter пернесін түртіңіз.
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей
функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы
функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows
жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта
басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану
Windows жүйесі əрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді.
Арнайы əрекетті орындау үшін, Windows пернесінің
өзін немесе арнайы пернемен бірге
басыңыз.
Жылдам пернелерді анықтау
Пернелер тіркесімдері дегеніміз fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) жəне функциялық
пернелердің біреуінің (3) тіркесімі.
Пернетақтаны пайдалану
39