User Guide - Windows 8.1

5
Мультимедиа
Бұл компьютердің құрамында келесі құрылғылар болуы мүмкін:
Кірістірілген үндеткіш(тер)
Кірістірілген микрофон(дар)
Біріктірілген алдыңғы жəне артқы веб-камералар
Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар
Аудио
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
үндеткіштер немесе құлақ
аспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына (немесе
дыбыс шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
орындаңыз.Дыбыстық құрылғыларды қосу алдында дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгейін мына пернелер көмегімен реттеуге
болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын
арнайы пернелер)
Дыбыс деңгейін реттеу пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support
Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дыбыс деңгейі амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы басқарылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдары туралы ақпаратты
Компьютермен танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз.
Аудио
43