User Guide - Windows 8.1
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
●
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
●
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
●
Дыбыссыз суретке түсіру
Бейне
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы
монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Компьютеріңізде мына сыртқы бейне порттары бар:
●
VGA
●
DisplayPort
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы мониторды компьютердегі бейне порттарының біреуіне (Дисплей порты,
VGA порты немесе тіркелген жалғау құрылғысының бейне порты) жалғаған кезде мына
ажыратымдылықтарға қолдау көрсетіледі:
●
Бір бейне портындағы бір 2560 ᵡ 1600 ажыратымдылықты монитор
●
Екі бейне портындағы екі 1920 ᵡ 1200 (WUXGA) ажыратымдылықты
монитор
●
Үш бейне портындағы үш 1280 ᵡ 1024 (SXGA) ажыратымдылықты монитор
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздің видео порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу (5-бет)
бөлімінен қараңыз.
Бейне
45










