User Guide - Windows 8.1
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Қатты
дискінің өлшеміне жəне бөлініп қалған файлдар санына байланысты, дискіні
дефрагментациялау құралының аяқталуы үшін бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны
түнде немесе компьютерді ашу қажет болмайтын
кездегі басқа уақытта іске қосылатын етіп
орнатуыңызға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске
қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында дефрагментация деп жазып, содан кейін Дефрагментация и
оптимизация ваших дисков (Дискілерді дефрагментациялау жəне оңтайландыру)
тармағын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы
есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату,
утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды
орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. HP Support Assistant бөлімін
қараңыз
. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP
Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні
тазалау құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Бастау экранында освобождение места на диске деп жазып, содан кейін Освобождение
места на диске за счет удаления лишних файлов (
Қажетсіз файлдарды жою
арқылы дискіде орын босату) тармағын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
64
8-тарау Дискілер










