User Guide - Windows 8.1

f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта
пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген
бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған
амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады
. Зауытта
орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады.
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, бейнені қалпына келтіру бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранына
pc (пк) əріптерін жазып
, Этот компьютер (Осы ДК) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бейнені қалпына келтіру бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows амалдық жүйесінің дискісін мен Драйверді қалпына келтіру
дискісін (екеуі де бөлек сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады. Қосымша
ақпарат алу үшін
Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
(83-бет) бөлімін қараңыз.
3. Егер Бейнені қалпына Келтіру бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосыңыз жəне
одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume
Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мəзірін енгізу үшін дыбысты
төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
дыбыс деңгейін реттеу
түймешігі ұстап.
4. Экранда "Press <F11> for recovery" (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, қолдау қызметімен
хабарласыңыз. Осы компьютермен жабдықталған
Worldwide Telephone Numbers
(əлем бойынша
қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан да
қарауға болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows амалдық жүйесінің дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен
өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге
орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу
аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-
ақ драйверлерді, бағдарламалық
құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану арқылы амалдық жүйені толығымен
орнатуды бастау үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Планшетті пернетақтаға жалғаңыз.
3. Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін қосымша сыртқы оптикалық дискіенгізгісіне
салып, компьютерді қайта қосыңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
83