User Guide - Ubuntu
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз.
▲
Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы 
мүмкін.
USB құрылғысын ажырату
ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату 
мақсатында кабельден тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: USB құрылғысын қауіпсіз түрде ажырату үшін мына әрекеттер орындаңыз.
1. USB құрылғысын шығарып алу үшін ақпаратты сақтап, құрылғыға байланысты 
бағдарламалардың барлығын жабыңыз
.
2. Средство запуска (Іске қосу құралындағы) жұмыс үстелінің сол жағында орналасқан 
Главная папка (Басты қалтаны) таңдап, Браузер файлов (Файлдар шолғышын) ашыңыз.
3. Файлдар шолғышының сол жақ аумағында көрсетілетін Устройства (Құрылғылар) 
тізіміндегі құрылғы атының қасында бар Извлечь (Шығару) белгішесін нұқыңыз. USB 
құрылғысының белгішесі тізімде көрсетілмейді және құрылғыны қауіпсіз түрде шығарып 
алуға болады.
4. Құрылғыны ажыратыңыз.
Сандық жад картасын салу және шығарып алу
Сандық жад картасын салу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, сандық картаны 
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал оның қосқыштарын компьютерге 
қаратыңыз
.
Сандық жад картасын салу және шығарып алу
31










