User Guide - Windows 7

1. Компьютерді қосыңыз. WLAN құрылғының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер құрылғы
қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз
байланыс түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін
басыңыз.
3. Қосылатын сымсыз жергілікті желіні таңдаңыз.
4. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылатын сымсыз жергілікті желі көрсетілмесе, Открыть центр управления
сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін
таңдап, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату)
түймешігін басыңыз. Желіні қолмен іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын
орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылуды аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN арқылы
Интернетке көбірек орындардан және үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді. HP мобильді
кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып табылатын, (ұялы
байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет етеді. НР мобильді кең
жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей.
Мобильді
желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі жолда
немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке қосылу,
электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді:
GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты
желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы.
CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің
қолданысын қамтамасыз
ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмір компьютердің астыңғы
жағындағы жапсырманың үстіне басылған.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
18 3-тарау Желіге
қосылу