User Guide - Windows 7
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін,
осы қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе және
қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
3. Изменение параметров,
недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді
өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя
(Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту
қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Батарея қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге
жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан
сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Компьютер айнымалы ток қуатына қосылған жағдайда,
батарея қуаты толады және ток жоғалған жағдайда, істеген жұмысыңыз сақталып қалады.
Компьютерде
зарядталған батарея болса және сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса,
компьютерден айнымалы ток адаптері ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі
тоқтатылғанда, компьютер батарея қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді.
Зауытта пломбаланған батарея
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, Справка и Поддержка
(Анықтама және қолдау) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске қосыңыз. Батарея
туралы ақпаратты ашу үшін, Start (Бастау) > Help and Support (Анықтама және қолдау) > Troubleshoot
(Ақаулықтарды жою) > Power, Thermal, and Mechanical (Қуат, жылу және механикалық) тармақтарын
таңдаңыз. Қуат көзі тармағын ашып, Батареяны тексеру
пәрменін таңдаңыз. Егер батареяны
ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР
қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 37










