User Guide - Windows 7
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, оны үйдегі қоқыспен бірге лақтырмаңыз. Жергілікті
батарея тастау заңдары мен ережелерін орындаңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Анықтама және қолдау орталығында мына құралдар және батарея туралы ақпарат бар:
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару және дұрыс күтім
мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
▲
Пуск
(Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Обучение (Үйрену) > Часто
задаваемые вопросы в схемах управления питанием (Қуат жоспарлары: жиі қойылатын
сұрақтар) тармақтарын таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
Анықтама және қолдау орталығында компьютерде орнатылған батарея күйі туралы ақпарат беріледі.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат
көзіне жалғануы тиіс.
2. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Устранение неполадок
(Ақаулықтарды жою) > Неполадки питания, температурные и механические неполадки (Қуат,
жылу және механикалық ақаулықтар) тармағын таңдаңыз.
3. Питание (Қуат) қойыншасын ашып, одан кейін Проверка батареи (Батареяны тексеру) тармағын
таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның және оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін
тексереді және
тексерудің нәтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲
Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
38 6-тарау Қуатты басқару










