User Guide - Windows 7

Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе
компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін:
ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының
өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз.
2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне
қосыңыз.
3. Құрылғыны өшіріңіз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз
.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынатын сыртқы дискілер мәліметтерді сақтау және оларға кіруге арналған мүмкіндіктер санын
ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP сыртқы USB оптикалық дискілерін қуатқа қосылған компьютердегі USB портына (тек
таңдаулы үлгілерде) жалғау керек.
USB дискісінің мынадай түрлері бар:
1,44 мегабайттық дискета салғыш
Қатты диск модулі
Сыртқы оптикалық диск (CD, DVD және Blu-ray)
MultiBay құрылғысы
Қондыру қосқышын пайдалану
Қондыру қосқышы арқылы компьютер қосымша қондырма құрылғысына немесе кеңейту порт
құрылғысына қосылады. Қосымша қондырма құрылғысы немесе кеңейту порты құрылғысы
компьютермен пайдалануға болатын қосымша порттарды және қосқыштарды қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі суреттер сіздегі компьютердің, қондырма құрылғысының немесе кеңейту
порты құрылғысының суреттеріне ұқсамауы мүмкін. Қондырма құрылғыңызға немесе кеңейту порты
құрылғыңызға дәл келетін суретке жүгініңіз.
Компьютерді қондыру қосқышына жалғау үшін:
1. Жабу механизмін болдырмау үшін, қондырғы қосқышындағы (1) түймесін басыңыз.
46 7-тарау Сыртқы карталар мен құрылғылар