User Guide - Windows 7

5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter
пернесін басыңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИӘ) жауабын таңдаңыз.
7. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Основной (Негізгі)> Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді
сақтау және шығу) пәрмендерін, одан
кейін енгізу пернесін таңдаңыз.
Автоматты DriveLock қорғанысын алу
Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the
ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде,
esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе пернелердің көмегімен Безопасность (Қауіпсіздік) > Automatic
DriveLock (Автоматты DriveLock құпия сөзі) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін eнгізу пернесін
басыңыз.
4. BIOS әкімшісінің құпия сөзіне кіріп, enter пернесін басыңыз.
5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter
пернесін басыңыз.
6. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Disable protection (Қорғанысты
ажырату) пәрменін таңдаңыз.
7. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін
басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Основной (Негізгі)> Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді
сақтау және шығу) пәрмендерін, одан кейін енгізу пернесін таңдаңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
Компьютерді электрондық пошта, желі немесе Интернет бетін ашу үшін пайдаланғанда оған вирустар
ену қаупі төнеді. Компьютерлік вирустер амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе қызметтік
бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне әкеліп соқтырады.
Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, және көбінесе олардың келтірген
зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымда
қорғауды қамтамасыз ету үшін
вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыру керек.
Компьютер вирустары туралы толық ақпарат алу үшін, «Справка и поддержка» (Анықтама және
қолдау) орталығының «Поиск» (Іздеу) жолағына вирустар сөзін теріңіз.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 63