User Guide - Windows 7

10 Күтім
Компьютерді тазалау
Компьютерді және сыртқы құрылғыларды тазалау оларды жақсы жұмыс күйінде ұстауға көмектеседі.
Компьютерді тазаламаған жағдайда, шаң және кір бөлшектері жиналуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді тазалау үшін, келесі тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид және гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар. Олар
компьютер бетін түбегейлі зақымдайды.
Дисплейді, құрылғының шеттері мен қақпағын тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз әйнек тазалау құралына малынған шүберекпен жайлап
сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оның кебуін күтіңіз. Шеттерін және қақпағын тазалау үшін, алдын
ала ылғалданған майлықты пайдаланыңыз. Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар
компьютерге сызат түсіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін айналма
қозғалыстар жасаңыз.
Тазалау іс рәсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз:
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер бетіне тазарту заттары немесе сұйықтықтарын тікелей шашпаңыз. Бетіне
түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына әкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз әйнек тазалау құралына малынған шүберекпен жайлап
сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оны құрғатып алу керек.
Компьютердің шеттері мен бетін тазалау
Құрылғының жақтары және қақпағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың
біреуімен суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын
антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін айналма
қозғалыстар жасаңыз.
66 10-тарау Күтім