User Guide - Windows 8.1

GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты
желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы.
CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің
қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
LTE (ұзақ мерзімді эволюция) байланысы LTE технологиясын қолдайтын желілермен жалғайды.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмір компьютердің астыңғы
жағындағы жапсырманың үстіне
басылған.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір компьютерлердің SIM ұясында SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын
ала орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы
ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны компьютерден
бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын салу және шығару туралы ақпарат алу үшін, осы тараудың
SIM картасын салу және алу
(тек таңдаулы үлгілерде) (18-бет) бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
SIM картасын салу және алу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. SIM ұясының ашасын алыңыз (тек таңдаулы үлгілерде).
ЕСКЕРТПЕ: SIM ұясының ашасы құрамында HP Mobile Broadband бар үлгілерде алынбалы болып
табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер алынбайтын SIM ұясының ашасымен немесе алынатын SIM ұясының
ашасымен жабдықталған. Алынбайтын SIM ұясының ашасын ішке қарай басу немесе оған қызмет
көрсету мүмкін емес. Алынатын SIM ұясының ашасын алып тастау үшін, босату үшін SIM ұясының
ашасын басып, оны ұядан алып тастаңыз.
18 3-тарау Желіге қосылу KKWW