User Guide - Windows 8.1
Сымды желіге қосу (қосымша қондырма құрылғысы
немесе сыртқы порт құрылғысы арқылы)
Жергілікті аймақ желісі (LAN) – сымды байланыс. Жергілікті желі байланысы компьютердегі RJ-45 желі
кабелін (бөлек сатылады), қосымша қондырма құрылғысын немесе кеңейту порты құрылғысын
пайдаланады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ
болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу
Егер компьютерді (қосымша қондырма құрылғысы немесе кеңейту порты құрылғысы арқылы) тікелей
үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз түрде жұмыс істемей) жалғау немесе кеңседегі бар желіге қосу
қажет болса, жергілікті желі байланысын пайдаланыңыз.
Жергілікті желіге жалғау үшін 8 істікті, RJ-45 желі кабелі және қосымша қондырма құрылғысы немесе
кеңейту порты құрылғысы қажет.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды 
орындаңыз:
1. Желі кабелін компьютерге жалғанған қосымша қондырма құрылғысындағы немесе кеңейту
порты құрылғысындағы (1) желі ұясына жалғаңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу
схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
20 3-тарау Желіге қосылу KKWW










