User Guide - Windows 8.1
Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей функцияларды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау
мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс
үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта басылған кезде,
алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану
Windows жүйесі әрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді. Арнайы
әрекетті орындау үшін, Windows пернесінің
өзін немесе арнайы пернемен бірге басыңыз.
Пернелер
тіркесімі
Перне Сипаттама
Бастау экранын ашады.
+ ч Шебер түймелерді ашады.
+ d Windows жұмыс үстелін ашады.
+ q Сіз ашқан бағдарлама ішінде іздейді.
+ tab Бағдарламалар мен жұмыс үстелі арасында ауыстырып қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл пернелер тіркесімін қажет бағдарлама ашылғанша
басып тұрыңыз.
+ Төменгі көрсеткі Ашық болған бағдарламаны жабады.
Жылдам пернелерді анықтау
Жылдам перне дегеніміз fn пернесінің (1) және esc пернесі (2) немесе функционалдық пернелердің
біреуінің (3) тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
KKWW Пернетақтаны пайдалану 27










