User Guide - Windows 8.1

Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа
сақталады.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату
жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад
картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе
компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқылық күйді қосу және одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Меңзерді Windows жұмыс үстелінен немесе бастау экранынан жоғарғы немесе төменгі оң жақ
бұрышына жылжытыңыз. Шебер түймелердің тізімі ашылғаннан кейін, Параметры
(Параметрлер) тармағын таңдап, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз және Спящий (Ұйқылық)
пәрменін таңдаңыз.
Ұйқылық күйден
шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың
тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты компьютерде
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту
үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
1. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдаңыз)
сілтемесін нұқыңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (
Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту) күйін
таңдаңыз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру
үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам
кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
38 6-тарау Қуатты басқару KKWW