User Guide - Windows 8.1

7 Сыртқы карталар және құрылғылар
Шағын SD жад карталарын пайдалану
Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда,
қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталары пішімдерін анықтау үшін,
Компьютермен
танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
Жад картасын енгізу
ЕСКЕРТУ: Жад картасы қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, жад картасын күштеп
енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып ұстаңыз.
2. Картаны микро SD жад картасын оқу құрылғысына салып, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Құрылғы анықталғанда дыбыс естисіз және параметрлердің мәзірі көрінуі мүмкін.
Жад картасын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында жад
картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Мәліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан жабдықты шығару белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
KKWW Шағын SD жад карталарын пайдалану 43