User Guide - Windows 8.1
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы
ақпаратты 
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (76-бет)
бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
2. Диагностикалау құралы ашылғанда, пернетақтадағы көрсеткі пернелердің көмегімен
орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын
тілінде ғана беріледі.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі опциясы бар:
1-опция: HP PC Diagnostics басты беті—соңғы UEFI нұсқасына қатынас береді
1.
http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз.
2. UEFI жүктеп алу сілтемесін басып, Іске қосу таңдаңыз.
2-опция: Қолдау және драйверлер беттері – алдыңғы және кейінгі нұсқалар үшін белгілі бір өнім
жүктеулерін береді.
1.
http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Меңзерді беттің жоғарғы жағында орналасқан Support (Қолдау) пәрменінің үстіне орналасып,
Download Drivers (Драйверлерді жүктеу) параметрін таңдаңыз.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Go (Өту) түймешігін басыңыз.
– немесе –
Өнімді автоматты түрде анықтау үшін, Find Now (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностикалық) 
бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау ортасы)
пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
HP Sure Start бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде)
пайдалану
Таңдаулы компьютер үлгілерінде компьютердің BIOS бағдарламасын шабуылдардан немесе
бүлінуден қорғау үшін үздіксіз бақылайтын HP Sure Start технологиясы орнатылады. Егер BIOS жүйесі
бүлінсе немесе рұқсатсыз қатынасу орын алса, HP Sure Start технологиясы пайдаланушының
қатысуынсыз BIOS жүйесін оның алдыңғы күйіне автоматты түрде қалпына келтіреді.
76 12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) KKWW










