User's Guide

SIM картасын енгізу (таңдаулы өнімдер үшін ғана)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пəрмені арқылы өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Батареяны алыңыз.
6. SIM ұясының ашасын алыңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
ЕСКЕРТПЕ: SIM ұясының ашасы құрамында HP Mobile Broadband бар үлгілерде алынбалы болып
табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер алынбайтын SIM ұясының ашасымен немесе алынатын SIM ұясының
ашасымен жабдықталған. Алынбайтын SIM ұясының ашасын ішке қарай басу немесе оған қызмет
көрсету мүмкін емес. Алынатын SIM ұясының ашасын алып тастау үшін, босату үшін SIM ұясының
ашасын басып, оны ұядан алып тастаңыз.
7. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, SIM картасы
ұясындағы суретті қараңыз.
8. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
9. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
10. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
16 2-тарау Бөліктер