User's Guide
Түрту
Түрту/екі рет түрту қимылын экранда элементті таңдау немесе ашу үшін пайдаланыңыз.
●
Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, оны таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы тақта немесе
сенсорлы экран аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Екі саусақ көмегімен масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге
мүмкіндік береді.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ
қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
●
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып,
олардың арасын ашыңыз.
Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) жылжыту
Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін
пайдаланыңыз.
●
Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол
немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Сенсорлы тақтаны жəне сенсорлы экран қимылдарын пайдалану 23










