User's Guide

Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқантек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық
құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй желісінің
арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп
пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы мүмкін.
Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар электрондық
пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мəселені
уақытша шешу үшін, желіаралық қалқанды уақытша
өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды қайта қосыңыз. Ақаулықты
толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік
бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез
Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін
тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз. Система и безопасность (Жүйе жəне
қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Обновления Windows (Windows жаңартулары) тобын, Изменить
параметры (Параметрлерді өзгерту) бөлімін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
HP Client Security бағдарламалық құралы компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық
құралды тапсырмалар тақтасының оң шетінде немесе Windows жүйесінің Басқару тақтасында орналасқан
HP Client Security белгішесі арқылы ашуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер
мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security
бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану
HP Touchpoint Manager бағдарламасы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға жəне қорғауға
мүмкіндік беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Touchpoint
Manager зиян бағдарламалар мен басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа қабілеттілігін
бақылайды жəне тұтынушыларға түпкі пайдаланушының құрылғысы мен қауіпсіздік мəселелерін
шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді. Тұтынушыларға бағдарламалық құралды
жылдам жүктеп орнатуға болады, бұл өзіндік стандартты шешімдермен
салыстырғанда қаржы тарапынан
тиімді екен. Қосымша ақпаратты
http://www.hptouchpointmanager.com бөлімінен қараңыз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату 49