User Guide - Windows 10
Оң жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Бөлік Сипаттама
(1) Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге,
құлақаспаптарға, тығын тәріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған
кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша
гарнитура микрофонын қосады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің
белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации
(Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары)
опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(2) USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға арналған және
USB арқылы қосылатын жақсартылған қуат өнімділігімен
қамтамасыз етеді.
(3) Қосарлы режимі бар DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор
сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды.
(4) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
Оң жағы 5










