User Guide - Windows 10

Артқы (тек таңдаулы өнімдерде)
Бөлік Сипаттама
(1) RJ-11 (модем) ұясы (тек таңдаулы өнімдерде) Модемнің кабелін қосады.
(2) Тізбекті порт Тізбекті порт, тінтуір немесе принтер сияқты
қосымша құрылғыны қосады.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің түбінде, батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын
есіктің астында немесе дисплейдің артында.
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы
мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады.
Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1) Сериялық нөмір
(2) Өнім нөмірі
(3) Кепілдік күшінің мерзімі
(4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде)
20 2-тарау Бөліктер