User Guide - Windows 10
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне
интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Әдепкі күйді орнату пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Әдепкі күйді орнату пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
DisplayPort (тек таңдаулы өнімдерде)
DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе
дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына
жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі жоғары болып,
сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын DisplayPort арқылы жіберу үшін, DisplayPort
кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің DisplayPort портына бір ғана DisplayPort құрылғысын жалғауға болады.
Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде DisplayPort құрылғысында да көрсетіледі.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты өндіруші
нұсқауларынан қараңыз.
Бейнені пайдалану 35










