User's Guide

Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз:
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
Exit белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and
Exit (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup мəзірлерінен шығу
үшін
Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit
(Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мəнге қайтару үшін,
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Restore Defaults
(
Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгерістерді сақтап, құралдан шығу үшін, Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
ЕСКЕРІМ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз жəне қауіпсіздік параметрлері
өзгермейді.
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Computer Setup пайдалану 95