User's Guide
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды
немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Intel Rapid Start Technology (тек таңдаулы үлгілерде)
Таңдаулы үлгілерде зауытта Intel Rapid Start Technology (RST) (Жылдам қосу технологиясы)
мүмкіндігі қосылады. RST мүмкіндігі əрекетсіз тұрған компьютерді бірден іске қосуға мүмкіндік
береді.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады:
●
Ұйқы режимі: RST мүмкіндігі ұйқы режимін таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқылық күйден шығу
үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат түймешігін
тез басып қалыңыз.
●
Күту
күйі: RST мүмкіндігі күту күйін ұйқылық күйдегі компьютерде не батарея қуатымен, не
сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса батареяның заряды тым
төмен деңгейге жеткенде қосады. Күту күйінен шығып, жұмысты жалғастыру үшін, қуат
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) тармағынан өшіруге болады. Күту күйін
қосқыңыз келсе, қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін
таңдауыңыз тиіс.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу 45-бетте
бөлімін қараңыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға
болады:
●
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
●
Меңзерді бастау экранының жоғарғы немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз.
Шебер түймелердің тізімі ашылғаннан кейін, Параметры (Параметрлер) тармағын таңдап,
Питание (Қуат) белгішесін басыңыз жəне Спящий (Ұйқылық) пəрменін таңдаңыз.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат
түймешігін басып қалыңыз.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
компьютерде жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз.
1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) жəне
Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін
таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 45










