User's Guide
AMD графикалық режимдер параметрлерін басқару үшін
1. Windows жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, Catalyst басқару орталығын
ашыңыз жəне Настроить переключаемые графические режимы (Ауыспалы графикалық
режимдердің параметрлерін реттеу) пəрменін таңдаңыз.
2. Питание (Қуат) тармағын басып, Переключаемые графические режимы (Ауыспалы
графикалық режимдер) пəрменін таңдаңыз.
Ауыспалы графикалық режимдерді пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана)
Ауыспалы графикалық режимдер жұмыс режимі мен қуат үнемдеу режимі арасында ауысуға
мүмкіндік береді.
Ауыспалы графикалық режимдер параметрлерін басқару үшін:
1. Windows жұмыс үстелін оң жақ түймешікпен басып, Настроить переключаемые
графические режимы (Ауыспалы графикалық режимдердің параметрлерін реттеу)
пəрменін таңдаңыз.
2. Питание (Қуат) тармағын басып, Переключаемые графические режимы (Ауыспалы
графикалық режимдер) пəрменін таңдаңыз.
Ауыспалы графикалық режимдер
қуат талаптарына сəйкес жұмыс режимін немесе қуат
үнемдеу режимін жеке бағдарламаларға автоматты түрде тағайындайды. Сонымен қатар, жеке
бағдарламаның параметрлерін Жақын арада ашылған бағдарламалар ашылмалы мəзірі
арқылы немесе Басқа бағдарламалар ашылмалы мəзіріндегі Шолу пəрмені арқылы қолмен
өзгертуге болады. Жұмыс істеу немесе қуат үнемдеу режимдері арасында ауысуға болады.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін, ауыспалы графикалық режимдер бағдарламалық
құралының анықтамасын қараңыз.
Қос графикалық режимдерді пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана)
Егер амалдық жүйеңізде қос графикалық режимдер (екі немесе одан да көп графикалық
процессор қосылған кезде) болса, DirectX 10 немесе 11-нұсқасын пайдаланатын толық
экрандық құрылғылар үшін бағдарлама қуаты мен өнімділігін арттыру мақсатында AMD Radeon
қосарлы графикалық режимдерін іске қосуға болады. DirectX туралы толық ақпаратты
http://www.microsoft.com/directx мекенжайы бойынша табуға болады.
ЕСКЕРІМ: Қос графикалық жүйелерде режимдер қуат талаптарына сəйкес (динамикалық
жоспар) автоматты түрде ғана таңдалады жəне жұмыс режимі немесе қуат үнемдеу режимі
жеке бағдарламаларға автоматты түрде тағайындалады. Алайда, параметрлерді белгілі бір
бағдарлама үшін қолмен өзгертуге болады.
AMD Radeon қос графикалық режимдерін қосу немесе өшіру үшін, Catalyst Control Center
тармағындағы Өнімділік қойыншасының AMD Radeon Dual Graphics бөліміне құсбелгі қойыңыз
немесе алып тастаңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат алу үшін, AMD бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
54 Бап 6 Қуатты басқару










