User Guide - Windows 10

Белгіше Сипаттама
Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді.
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің басқа
бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор
компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Микрофонды үнсіздендіреді.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
12 2-тарау Бөліктер